RU

Алматыда 10 жастағы оқушы ашық жатқан орға түсіп кетті (фото)

Алматыда коммунал қызметкерлері қалдырып кеткен орға 10 жастағы оқушы түсіп кетті, деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: today.kz
Фото: today.kz: UGC

Баслымының жазуынша, ойнап жүрген балақай Алмалы ауданының Айгерім – 2 ықшамаудандағы былтыр қазан айында жұмысшылар қазып тастаған орға түсіп кеткен.

Ордағы арматураға қолын жарақаттап алған оқушы бірден жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

Фото: today.kz
Фото: today.kz: UGC

"Баланың қолы жыртылып кетті, қан көп ақты. Оны "жедел жәрдем" алып кетті", – деді жәбірленушінің әпкесі.

Фото: today.kz
Фото: today.kz: UGC

Жергілікті тұрғындар биліктің назарын қауіпті орға аудартуға тырысқан. Жұмысшылар бұл орды Еркіндік – Бәйтенов Ноян көшелерінің қиылысында қалдырып кеткен екен. Бірақ аудан әкімдігі тұрғындардың арызын қарастырмаған. Енді ордың жанында тұрып жатқан жұрт шенеуніктерге жағдайды баяндамақ ниетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729789-almatyda-10-zastagy-okusy-asyk-zatkan-orga-tsip-ketti-foto.html