RU

Ұлттық нақышта киінген Павлодар облысының әкімі елді өзіне қаратты (фото)

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ұлттық нақыштағы қазақы костюм киіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Аталмыш фото Instagram желісіндегі tipavlo парақшасында пайда болған. Онда облыс әкімінің қазақы нақыштағы костюм мен белбеу кигенін көруге болады. Ал, жазба авторы "облыс басшысының костюміне 0-10 аралығындағы баға қойыңыздар" деп жазған.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Сондай-ақ ол атқамінердің аталған образына өз пікірлеріңізді қалдырсаңыздар деген өтініш білдірген.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Желі қолданушылары шенеуніктің бұл әрекетіне тәнті болып, "Нағыз қазақтың батырына ұқсап қалған", "Ұлттық киім жарасып тұр", "Үздік әкім" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729802-lttyk-nakysta-kiingen-pavlodar-oblysyny-kimi-eldi-zine-karatty-foto.html