RU
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған КТК операторы шын мәнінде қалай табылды?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған КТК операторы шын мәнінде қалай табылды?

Рассказать Вконтакте

Із-түзсіз жоғалып кеткен КТК телеарнасының қызметкері Олжас Белгібаевтің қайда болғаны жайлы оның әкесі айтып берді. Оның мәлімдеуінше, оператор қала сыртында достарымен болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

"Ол үйге өзі келді. Ұялы телефоныны сөніп қалыпты. Олар қала сыртына алысқа кетіп қалғандықтан желі ұстамай қалған. Ол достарымен бірге болды", - деп айтты телеарна қызметкерінің әкесі.

Олжас Белгібаевтің туыстары полициядағы арызын қайтарып алған.

Айта кетейік, 21 сәуір күні КТК телеарнасының қызметкері жоғалып кеткен болатын. Оны іздестіру шараларына арнайы жедел іздестіру тобы құрылған.

Бірнеше күн бұрын телеарна операторы өз еркімен үйіне қайта оралды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір