Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Индюк" және "дурочка": Балғынбек Имашев Айнұрды неге теңеді? (фото)

Опубликовано:

Балғынбек Имашев әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваны туған күнімен ерекше құттықтаймын деп, елді күлкіге қарық қылды. Алайда бірнеше саланы қатар алып жүрген ол Имашевтің арнауына өкпелеп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Имашев & Тұрсынбаева. Фото: Instagram
Имашев & Тұрсынбаева. Фото: Instagram: UGC

Имашев әріптесін туған күнімен Instagram арқылы құттықтады. Артынша Тұрсынбаева да бұл әзілге өз өкпесін жеткізіп үлгерген.

"Бүгін - Қазақстан xалықтарының бірлігі күні. Осы мерекемен өзімнің өнердегі қарсыласым, өмірдегі ерсілесім, дүниелік дұшпаным, ақыреттегі досым,

Айтыстың Аққуы,

Телевизияның Тырнасы,

Инстаграмның Индюгі,

Ақсуаттың Акуласы,

Мойынқұмның Мысығы,

Айдың Нұры,

Майдың Гүлі,

Байдың Жұбы - Айнұр Тұрсынбаеваны құттықтаймын!

Атыңнан айналайын, Айнурочка,

Сен - сары май, мен - піскен жай булочка.

Өмір бойы менімен айқасуға,

Сенен басқа шыдайды қай дурочка", - деп жазды ақын.

Ал Тұрсынбаева бұл арнауға "Братуха индюха. Бүкіл жұртқа күлкі қылғаны несі", - деп жауап қайтарды.

Балғынбек Имашев. Фото: Instagram
Балғынбек Имашев. Фото: Instagram: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1729829-induk-zne-durocka-balgynbek-imasev-ajnrdy-nege-teedi-foto/

pixel