RU
Тапқыр әке дәрігердің көмегінсіз-ақ ұлының тісін жұлып тастады (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Тапқыр әке дәрігердің көмегінсіз-ақ ұлының тісін жұлып тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Въетнамдағы Лаокай елді-мекеніннің тұрғыны ұлының босап тұрған сүт тісін арбалет көмегімен жұлып алды. Ер азамат баласының жүйкесіне ауыртпашылық түсіргісі келмегендіктен тіс дәрігеріне жүгінбеген деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ұлының мазасын алған сүт тісін ер адам ауруханаға барып уақыт жоғалтқанша, оны үй жағдайында жұлуды жөн санаған.

Ол қалың жіптің бір жағын баланың тісіне, ал екінші жағын арбалет садағына байлап тастады.

Нәтижесінде балақай арбалеттен садақ атқанда оның тісі де қоса жұлынып кеткен. Ол тіпті не болғанын аңғарып үлгермегенін айтты.

Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты екі түрлі пікірде болды. Бірі жас әкенің оңтайлы әдісін қызық көріп мақтап жатса, қалғаны оның әрекетінің аса қауіпті екенін айтып әлек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
2
3
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel