RU
18 жасында беделді қызметке орналасқан вице-министр ел талқысына түсті
Жаңалықтар Саясат және экономика

18 жасында беделді қызметке орналасқан вице-министр ел талқысына түсті

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған Дана Бейсенқызы Жүнісова мектепті бітіре салысымен лауазымды қызмет атқарған деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мектеп бітіре сала шенді қызмет атқарған вице-министр қызу талқыға түсті

Мектеп бітіре сала шенді қызмет атқарған вице-министр қызу талқыға түсті

Бүгінде жас мамандардың басшылыққа тағайындалуы жаңалық емес. Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары Дана Жүнісованың ЖОО оқымай жатып қалайша "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қызметке орналасып алғанын түсіне алмай дал болды.

Айта кетерлігі, Дана Жүнісова 1985 жылы дүние есігін ашқан. Еңбек жолын 2003 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясынан бастапты.

Яғни, 18 жасында жұмысқа орналасқан.

Әдетте Қазақстан азаматтары бұл жаста мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп жатады. Ал, Дана Бейсенқызы оқуға түсіп, ұлттық компаниядағы жұмысын қатар алып жүргенге ұқсайды.

Өйткені, ол ЖОО-ны 2006 жылы бітірген. Жас шенеунік оқуға бармай жұмыс істеді ме, немесе оқуын оқып, қызметін қашықтықтан атқарып келді ме, ол жағы нақтыланбады

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
60
10
4
1
1
11
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel