RU
Шымкентте ішімдікке сылқия тойған келіншек көшенің ортасында құлап түсті
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте ішімдікке сылқия тойған келіншек көшенің ортасында құлап түсті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте ішімдікке сылқия тойған келіншек көшенің қақ ортасында есінен танып қалды. Бұл жағдай өткен демалыс күні Республика даңғылы бойында орын алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент

Сол маңда болған куәгерлердің айтуынша, алкагольді ішімдік ішіп алған 30-35 жас шамасындағы азаматша көшенің қақ ортасында ес-түссіз құлап түсіпті.

Оқыс жағдайға тап болған келіншекке сол маңдағы тұрғындар көмектесуге тырысқан. Айтуларынша, азаматша өздігінен жүріп-тұра алмай, қайта-қайта есінен танып қалыпты.

Ақыр соңынде жедел жәрдем қызметінің өкілдері келіп, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Дәрігерлер оқыс жағдайға тап болған тұрғынның араққа уланып қалғанын алға тартты. Қазір ол қаладағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
26
1
3
7
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel