RU
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қалай жұмыс істейді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қалай жұмыс істейді?

Рассказать Вконтакте

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен ойды өзара біріктіруге қауқарлы тәсілдердің бірі. Ол ақпарат алумен қатар, оны сыни тұрғыдан бағалау арқылы ой елегінен өткізіп қолданады деп хабарлайды tarbie.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ieshua.org

Фото: Ieshua.org

Белгілі бір күрделі тапсырманың шешімін табу мақсатында сын тұрғысынан ойлау әдісі елеулі рөл атқарады.

Көбіне бұл тәсіл ұстаздар тәжірибесінде кеңінен қолданыс тапқан. Мәселен cын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі мен ой әрекетінің қызметін анықтауда үлкен септігін тигізеді.

Сын тұрғысынан ойлау— шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.

Фото: Ieshua.org

Фото: Ieshua.org

Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы ретінде есте сақтау, қарапайым және қиын ойларды түсінуді, шығармашылықтағы адамдардың интуитивтік ойлауын қарастыруға болмайды.

Д. Клустер сын тұрғысынан ойлаудың ең маңызды деп санаған бес қырын қарастырады:

  • өз бетімен ойлау;
  • ойын қорыту;
  • проблемалық және сол ойын бағалай білуі;
  • ойын дәлелдеуі;
  • сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты).

Оған қоса Клустер сыни ойлаушы адамның басты 6 қасиетін де атап өткен:

  1. Өз ойын қалыптастыра біледі;
  2. Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;
  3. Тақырып бойынша мәселені шеше біледі;
  4. Дәлелді пікірталас құра алады;
  5. Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;
  6. Кезкелген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:

Осы технологияның мақсаты-адамның ойлау дағдыларын, оқуда немесе жұмыста ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;

Бұл технолгия ұстаздар тәжірибесінде сабақтың үшбағыттық құрылымында жүзеге асады:

  • Ой шақыру;
  • Ойлау ;
  • Кері байланыс;
Фото: Ieshua.org

Фото: Ieshua.org

Ой шақыру тапсырмалары:

Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту, не болмаса естеріне түсіру;
Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту;
Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;

Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар:

Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;
Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;
Фото: Ieshua.org

Фото: Ieshua.org

Кері байланыстың тапсырмалары:

Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру;
Келесі тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;

Сыни тұрғыда ойлауды дамытуда қолданылатын құралдар:

  • Тақырып бойынша жинақ;
  • Мәтіндер талдауы;
  • Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;
  • Ұжымдық пікірталас;
  • Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;
  • Дебаттар;
  • Пікірталастар;
  • Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;

Бұл технология арқылы мұғалім оқушымен қатар өзі де рухани түрде дами түседі. Баланың бойына сын тұрғысынан ойлауды жетілдіруде ұстаздар қауымының рөлі аса маңызды. Олар:

Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттайды;
Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді;
Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;
Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;
Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір