RU

Қариядан сөз естіген отандық әнші өз концертінде масқара болды (видео)

Қазақстандық жас әнші Қанат Үмбетов "ерке" әріптесінің ізін қуды. Cахнада тұрған әншінің қолындағы микрофонын жұлып алған қария оған ұрысып тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қанат Үмбетов. Фото: Instagram
Қанат Үмбетов. Фото: Instagram: UGC

Қария әншінің күзетшілерінің ісіне реніш білдірді.

"Біз сені сыйлап келіп отырмыз. Әніңді сыйлап келіп отырмыз. Ал сенің күзетшілерің бізді итеріп жатыр. Біз сыйлап келдік. Сендер де бізді сыйлаңдар. Кешір, айналайын", - деп сөзін аяқтады белгісіз азамат.

Ал әнші осы орайда: "Аға, көреген азамат екенсіз. Кешіріңіз. Бірақ не істесем де, халық үшін істеп жатырмын", - деп қолын ұсынып, басын иді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729865-kariadan-sz-estigen-otandyk-nsi-z-koncertinde-maskara-boldy-video.html