RU
Күйеуінің қарындасы туған қызы екенін білген әйел көптен кеңес сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуінің қарындасы туған қызы екенін білген әйел көптен кеңес сұрады

Рассказать Вконтакте

Жасы 27-ге келген келіншек күйеуінің қарындасы деп жүрген жеткіншектің оның туған қызы екенін білген. Өкініштісі, жанұясы бұл құпияны одан жылдар бойы жасырып келген деп хабарлайды oqiga.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Келіншектің айтуынша, жолдасы мен оның жанұясы бұл құпия жайлы көп жылдар бойы тіс жармаған көрінеді.

"Оқиғаның сыры мынада екен: жолдасым мектеп қабырғасында өзінен үш жас үлкен қызбен жүрген. Күйеуімнің жасы ол кезде он бесте, ал қыздың жасы он сегізде болған екен. Қыздың аяғы ауыр болып қалған, бірақ күйеуім білмеген. Қыз айтпастан қаладан кетіп қалған.

Бір жарым жылдан соң күйеуімнің үйіне келіп, қызы бар екенін айтып, сәбиді жолдасымның ата-анасына тастап кетеді. Енем ойланбастан баланы алып қалыпты.

Енемнің «қолы ұзын», яғни, таныстары көп болғандықтан құжаттарын жөндетіп қамқоршы болып, асыраушы ретінде рұқсат алады да, қызды бауырына басқан. Сол жылы ДНК да жасатып, қыздың менің күйеуімнің баласы екені расталған.

Жолдасым қызына әке ретінде қарамаған, бала әжесі мен атасына бауыр басқан, әкесін де іздемеген", - деп әңгімесін бастаған келіншек.

Келіншек аталған құпияны көп жылдар бойы айтпай келген жолдасы мен жанұясына өкпесі бар екенін де жасырмаған.

"Егер мен біліп қоймағанда олар мені өмір бойы алдап өтпек болған ба? Қыз бала мені "жеңеше" деп атайды. Қызды қайын сіңілімдей еркелетіп жақсы көріп жүр едім, қазір еркелете бастасам ойыма бір түрлі ой кеп, тартыншақтап қаламын.

Енем біз жоқта анасы қызының жағдайын біліп келіп тұратынын да айтып өтті. Маған маза бермейтіні - кейін ата-енем біздің қолымызға көшіп келгенде ол әйел біздің үйге қалай келеді?

Өзімізде әлі сәби де жоқ. Сәби сүйе алмай жүргенімді іштей уайымдап жүргенде екінші бір уайым пайда болды.

Мен өз күйеуімді жоғалтып аламын ба деп те, отбасымның шырқы бұзылып кете ме деп қорқамын", - деп әңгімесін аяқтаған келіншек.

Әңгіменің соңында келіншек оқырмандардан кеңес сұрап, "осындай мәселеде не істеген жөн?", - деп көпшіліктің көмегіне жүгінген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
3
2
13
2
9
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір