RU

БҚО-да өзбек азаматтары жантүршігерлік апатқа ұшырап, мерт болды

Орал — Атырау трассасында жол апатынан Өзбекстан азаматтары қаза болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

БҚО-да өзбек азаматтары жантүршігерлік апатқа ұшырап, мерт болды
БҚО-да өзбек азаматтары жантүршігерлік апатқа ұшырап, мерт болды: UGC

Мамырдың бірінен екісіне қараған түні Лбищенск елді мекеніне жақын маңда ауыр жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты. Екеуінің де рөлінде өзбекстандықтар болған.

"Олар жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Тағы бір зардап шегуші түрлі жарақатпен Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жатқызылды ", — дейді облыстық денаулық сақтау басқармасының мамандары.

2018 жылдың 18 қаңтарында Самара — Шымкент трассасында 57 адам мінген автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы көз жұмған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729884-bko-da-zbek-azamattary-zantrsigerlik-apatka-syrap-mert-boldy.html