RU
Сағадиев: Оқушылардың лимузинмен қыдырғанына қарсымын
Жаңалықтар Қоғам

Сағадиев: Оқушылардың лимузинмен қыдырғанына қарсымын

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп бітіру кешінде оқушылардың лимузинмен қыдыруына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерлан Сағадиев. Фото: businessnews.kz

Ерлан Сағадиев. Фото: businessnews.kz

"Олардың лимузинмен қыдырып, бітіру кешін шоуға айналдыру үшін қыруар ақша жинауларына қарсымын. Моральдық тұрғыдан бұған қарсымын", - дейді министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Министр мектеп бітіру кешін жақсы өткізу де маңызды екенін сөз етті.

"Өзге жағынан қарайтын болсақ, оларға таңнын атуын қарсы алып, мектеп бітіру кешін жақсы өткізуге тыйым салуға да қарсымын.

Бұл жобаны адамша талқыға алу керек, ешкім бұған мәжбүрлі болмауы тиіс. Қаламасаңыз бітіру кешіне келмесеңіз де болады", - дейді ол.

Сағадиев бұл кештің өмірде бір рет қана болатынын ескере отырып, тыйымдар салудың қажеті жоқтығын айтуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір