RU
Түркістанда 18 жасында бизнес бастап, миллионер атанған егіздер елді тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда 18 жасында бизнес бастап, миллионер атанған егіздер елді тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Түркістандық егіз жігіттер небәрі 18 жастарында бизнес бастап, миллионер атанған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер

Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер

Түркістан қаласының тұрғындары Әділет мен Әсет - бүгінде Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ІІІ курс студенттері. Жас жігіттер бизнеске келуге өмірдің өзі себепші болғанын айтады.

Мектеп қабырғасын бітіріп, жастары 18-ге толған соң олар "қашанғы ата-анамызға салмақ саламыз, оның үстіне студент болған соң шығынымыз да көбейетін болады" деп екеуара ақылдаса келе, ширек ғасырдан астам тарихы бар көне базарда кеңсе заттарын сатуды қолға алған.
Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер

Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер елді тәнті етті

Жаңа оқу жылы қарсаңында кеңсе тауарларына деген сұраныстың арта түсетінін жақсы білген егіздер сол арқылы айналымға біраз қаржы жинап, алғашында қол сағатын өзге сауда орнынан көтерме бағамен әкеліп, нарыққа шығарады.

Табыстың басы құрала бастаған соң олар көзілдірік, француз иіссуларын алып келіп, сата бастаған.

Бүгінгі таңда түркістандық базардан үш сауда орнын жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отырған Әсет пен Әділет бұл аралықта достарымен асхана бизнесін де қолға алып көріпті.
Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер

Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер елді тәнті етті

Осы сәтте бір айда екі миллион теңгедей табыс тапқан жас жігіттер қоғамдық тамақтану орны бизнесін тоқтатады. Айтуларынша, шағын ғана бизнесте серіктеспен жұмыс жасау мардымсыз табыс алып келеді екен.

Айта кетерлігі, бұл аралықта егіздердің бірі Әсет тауық өсіріп, оның қыр-сырын меңгеріп алады. Бес жүздей тауықты өсіріп, кейін оны сатып пайдаға кенелген ол алдағы уақытта құс фабрикасын ашуды мақсат етіп отыр.
Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер

Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер елді тәнті етті

Ал Әділет болса өзі білім алып жатқан сала бойынша бизнесін әрмен қарай кеңейткісі келеді.

«Дәл қазір біз студентпіз. Ойдағы жобаларды жүзеге асыру үшін алдымен оқуымызды аяқтап алайық деп отырмыз. Күн сайын таңертеңнен түске дейін университетте болсақ, түстен кешке дейін осы базардамыз.

Үш сауда орнына тауар жеткізу, бағасын қою, орынды жалға алу ақысын төлеу, сатушылардың жалақысы бар... Айта берсем, ұсақ шаруалар көп.

Өзім туризм саласы бойынша білім алып жатырмын. Болашақта осы мамандығыммен ұштастырып, қонақүй ашсам деген арманым бар. Әрине, ол үлкен жоба болған соң көп қаражат керек. Ал алдағы бір-екі жылдың ішінде Түркия елінде туристік агенттік ашсам деген жоспарым бар.

Сол жақтан шетелдік туристерді өзіміздің Түркістан секілді өңірдегі өзге де киелі орындарға туристер тартсам деген басты арманым бар», - деді жас кәсіпкер.
Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер

Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер елді тәнті етті

Әділет осылайша елдің туризм саласының дамуына кішкене болса да үлесімді қоссам дейді.

Әңгіме барысында жас кәсіпкерлер бір айда өз қажеттіліктеріне әрқайсысы 60 мың теңгедей жұмсайтынын айтып қалды.

«Негізі үнемдеуге болады, біз өзіміз жаратып қоя береміз», - деген егіздер университетте түрік квотасы бойынша тегін білім алып жатқандығын жеткізді.

Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер

Небәрі 18 жасында бизнес бастаған түркістандық егіз жігіттер елді тәнті етті

«Сауданы бастағалы бері өз шағынымызды өзіміз тауып отырмыз. Арасында үйдегілерге көмек беріп тұрамыз. Қалған табысты айналымға саламыз. Себебі алда жоспарлар көп.

Өзіміз секілді жастарға айтарымыз, өзгеріссіз тұрғанша, бастап көрген жөн. Бастысы, қорықпау керек.

Бизнес болған соң кейде сүрінулер болады, тәуекелге барған адам ғана өз ісін дөңгелетіп әкете алады», - деп сөзін түйді көпбалалы отбасынан шыққан егіздер.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
4
107
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel