RU
"Бауыржан Fest": Астанада шетелдік әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бауыржан Fest": Астанада шетелдік әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Рассказать Вконтакте

Елордамыз Астананың 20 жылдығын тойлау аясында Мәдениет және спорт министрлігі күні кеше еліміздің бас қаласында ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» әзіл фестивалін өткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Жоба авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Қазақ эстрада театры» директоры, биылғы жылы 25 жылдығын атап өтетін «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының негізін қалаушы, профессор Бауыржан Ибрагим бастаған бір топ танымал әзілкеш бұл кеште бас қосты.

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Фестивальға халықаралық әзіл шоуларының танымал әртістері, өз мемлекеттеріне еңбек сіңірген - Елена Воробей (Ресей), Карен Аванесян (Армения), Владимир Моисеенко және Владимир Данилец (Украина), Обид Асомов (Өзбекстан), «Большая разница» фестивалінің жеңімпазы Андрей Баринов (Ресей), Абдыбақаз Қадырматов, Борончу Құдайбергенов, Кумондор Абылов, «Аdem Dance» (Қырғызстан), «Мунча Ташы» (Татарстан) және отандық «Бауыржан шоу», «Тамаша», «Шаншар», «Екі езу», «ТТТ» және тағы басқа театрлар қатысқан.
Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Дәстүрге айналған эксклюзивті «Бауыржан Fest» фестивалі өз көрерменін тапқан секілді. Халықаралық әзіл мерекесі жасы мен кәсібі әртүрлі болса да, әзілге құмар жандарды бір шаңырақ астына жинағандай.

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Аталмыш кеште Астана туралы шетел қонақтарының сөзбен жеткізе алмайтын эмоциялары әзіл арқылы көрсетілген.

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған фестивальдің басты мақсаты -мемлекеттер арасындағы мәдени және достық байланысты нығайту, ұлтаралық бірлік пен төзімділікті сақтау, әртүрлі елдің тәжірибесі және мәдени құндылықтарымен өзара алмасу болып табылады.

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Астанада Бауыржан Ибрагимов бастаған әйгілі әзілкештер бас қосты (фото)

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel