RU
Ардагерлердің не себепті әр түрлі мөлшерде жәрдемақы алатыны анықталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ардагерлердің не себепті әр түрлі мөлшерде жәрдемақы алатыны анықталды

Рассказать Вконтакте

Мереке қарсаңында ардагерлерге берілетін жәрдемақының мөлшері жергілікті бюджетке тікелей байланысты. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау минситрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ (фото alau.kz и Kavkazplus.com)

Коллаж NUR.KZ (фото alau.kz и Kavkazplus.com)

Еңбек министрі жеңіс күніне орай ардагерлерге 500 мың теңгеден жәрдемақы беруді жөн санайды.

"9 мамырға қарсы берілетін жәрдемақы мөлшері барлық аумақтарда түрліше болып келеді. Өйткені төленетін қаржы жергілікті бюджет құрамына кіргендіктен, оның мөлшерін сол жердің мәслихаты шешеді. Алайда, біз 500 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы беруге ұсыныс білдіріп отырмыз", - деп айтты Әбілқасымова.

Оның айтуынша, бүгінгі күні елімізде Ұлы отан соғысы ардагерлерінің саны екі мыңға жуықтаған. Олардың барлығы жеңіс күніне орай қаржылай сыйлықпен қамтамасыз етіледі деп сендірді министр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel