RU
Маңғыстау облысында болған жантүршігерлік апатқа қатысты сот басталды
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстау облысында болған жантүршігерлік апатқа қатысты сот басталды

Рассказать Вконтакте

Былтыр Маңғыстау облысында орын алған «Қазақстан темір жолына» қарасты тепловоз бен Газелдің соқтығысуына қатысты сот процесі енді басталды. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары 5 ай бойы жүргізіліп, теміржол өткелінің сол күнгі кезекшісі сот алдында жауап берді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Өткен жылдың қарашасында орын алған апатқа қатысты сот ісі енді басталды. Теміржол өткелінің сол күнгі кезекшісіне Қылмыстық кодекстің «екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігін сақтамау» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Тергеу жұмыстары кезінде машинист, автобус жүргізушісі мен кезекшінің іс-әрекеттері толығымен тексерілген. Ал, жүргізілген арнайы сараптама оқиға орнында көз жұмған Газель жүргізушісі мен кезекшінің ішімдік ішкенін анықтады.Теміржол кезекшісін жауапқа тартудың басты себебі де осы болған.

Алайда, оның қорғаушысы тағылып отырған айыппен келіспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмысқа жауап беретін адам табу керек болған соң тергеу өкілдері кезекшіні құрбан қылып отырса керек.

Жантүршігерлік апатта туыстарынан айрылып қалғандар болса соттың әділ түрде өткенін қалайтындарын айтты. Бұл оқиғаға теміржол өткелінің кезекшісі ғана кінәлі деген тұжырыммен олар да келіспейтін болып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қараша айында болған жол апаты салдарынан 9 адам қаза тауып, 27-сі ауыр жараланған еді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel