RU
Ақтөбеде 40 млн теңгені жекеменшік балабақшаларға таратқан шенеунік істі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ақтөбеде 40 млн теңгені жекеменшік балабақшаларға таратқан шенеунік істі болды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Рустам Әлжановқа мемлекет қаржысын заңсыз пайдаланғаны үшін айып тағылып отыр. Ол 40 миллион теңге көлеміндегі сомманы жекеменшік балабақшаларға есепсіз бөлумен қатар, жабылып қалған компанияларға да аударған болып шықты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dnepr.ru

Фото: dnepr.ru

Екі ай бұрын жалақыларын ұзақ уақыт бойы ала алмаған балабақша тәрбиешілері білім басқармасын шулатқан болатын. Ол кезде ашулы әріптестеріне басшының орынбасары қазынада ақша қалмағанын сылтауратып ақталған.

Оқиғадан кейін прокурорлар білім бөлімі басшысының орынбасары Рустам Әлжановтың есеп-қисабына тексеріс жүргізуді ұйғарды. Нәтижесінде шенеуіктің жемқор әрекеттері әшкереленген.

Тәрбиешілерге бірнеше ай бойы жалақы бермей жүрген Әлжанов жекеменшік мекемелерге мемлекет ақшасын аяусыз үлестірсе керек. Шенеуік жекеменшік балабақшаларға ақшаны артығымен бөліп қана қоймай, тіпті қызметін тоқтатқан компанияларды да қыруар қаржымен жарылқағаны анықталды.

Қалалық білім бөлімі басшы орынбасарының ісін тәртіптік кеңес те екі мәрте қараған. Бастапқыда сөгіс алып құтылған Әлжанов, енді қызметін босап қалды. Сондай-ақ, оның үстінен қылмыстық іс те қозғалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel