RU
ҰБТ-да алғаш болып 140 балл жинаған түлекке IPhone сыйға берілмекші
Жаңалықтар Саясат және экономика

ҰБТ-да алғаш болып 140 балл жинаған түлекке IPhone сыйға берілмекші

Рассказать Вконтакте

Бірыңғай тестілеуден 140 балды жинаған алғашқы түлек қымбат ұялы телефонға ие болады. Су жаңа IPhone-ді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов өзі жеке табыстамақ деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Markup.dev.nasimke.ru

Фото: Markup.dev.nasimke.ru

Бұл туралы тестілеу орталығының директоры өзі мәлімдеді. Оның айтуынша, сыйлық табыстау идеясы өзінің тарапынан болған бастама.

"Биыл ұлттық бірыңғай тестілеудің 15-ші рет болайын деп тұрғандықтан, мерейтойлық тестілеуден алғаш болып 140 балл жинаған талапкерге сый ретінде IPhone тарту етпекшімін", - деп айтты Рамазан Әлімқұлов.

Айта кетейік, биыл 20 мауысым мен 1 шілде аралығында 96 мыңнан аса қазақстандық оқушы ҰБТ тапсырады. Емтиханға өтініш тапсыру 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданбақ.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel