RU
Еревандағы қазақстандықтар көліктік блокада кесірінен әуежайдан шыға алмай жатыр
Жаңалықтар Әлемде

Еревандағы қазақстандықтар көліктік блокада кесірінен әуежайдан шыға алмай жатыр

Рассказать Вконтакте

Армениядағы жол-көлік қозғалысы толығымен шектетіліп, көшелер бойымен тек қана жаяу жүргіншілер өтуге қауқарлы болып қалды. Оқиға салдарынан Ереван әуежайында қалып қойған отандастарымыз мәселенің шешілуін күтуге мәжбүр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Армения оппозициясының өкілі Никола Пашинянның қарсылық үндеуіне әуежай қызметкерлері де қосылған. Наразылық білдіру мақсатында Ереван әуежайындағы бірқатар әуе рейстердің уақыты ауыстырылды.

Қазақсатндық азаматша Алла Дикань бірнеше сағат бойы Ереван орталығына жете алмай әлек. Оның ұшағы Шымкенттен Армения астанасына күндізгі уақытта қонған.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

"Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Бәріне түсіністікпен қараймыз. Қазір шарап пен кәуап алып аламыз. Мында бәрін әуежайдан шықпай-ақ сатып алуға болады екен. Бізді біраз уақыттан соң әуежайға көліктер жетеді деп сендіруде. Егер көліктер ұзақ келмесе біз жаяу кетіп қалуға да әзірміз", - деп жазды Алла өзінің әлеуметтік желісіне.

Пашинян өз жақтастарын жолдарды ашып, әуежай жұмысын қалыпқа келтіруге шақырған болатын. Алайда оның өтініші әлі де орындалмай отыр.

Бұл оқиғаға оппозиция басшысы өзіне қарсы шыққан республикашылдарды кінәлі санайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір