RU
Шымкентте бір жанұяны қағып кеткен полицей жеңіл жазамен құтылды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте бір жанұяны қағып кеткен полицей жеңіл жазамен құтылды

Рассказать Вконтакте

ОҚО ІІД Сайрам аудандық ІІБ бұрынғы бөлім басшысы Жандос Оразалиевке қатысты сот үкімі оқылды. 32 жастағы полицейлер әулетінің мүшесі Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3-бөлігімен, яғни "Жол ережесін бұзып, абайсызда адам өлтіргені" үшін сотталды деп хабарлайды Оtyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте

Сот тергеуі барысында 2017 жылдың 17 тамызында кешкі сағат 19.30 шамасында әпкесі М.М.Оразалиеваның атына рәсімделген "БМВ 520" маркалы автокөлікпен өз үйіне, яғни Ақсукентке қарай жол тартқан.

Ешқандай рұқсат құжатынсыз көлік жүргізген сотталушы №27 мектептің маңында жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан жанұяны қағып кеткен.

Салдарынан 1980 жылы туған отағасы сол жерде көз жұмған. 7 жасар ұлы мен әйелі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын.

Оразалиевке 2 жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, 4 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Тағайындалған жаза шартты. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel