RU
Алматыда салмағы 80 келі тартатын алып жылан табылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда салмағы 80 келі тартатын алып жылан табылды

Рассказать Вконтакте

Алматы зоопаркінде Қазақстандағы алып жылан өмір сүреді. Ол жуық арада әлем зоопарктеріндегі ең ірі жыландардың бірі болуы ықтимал деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ

Алматыдағы ең алып жылан

Алматыдағы ең алып жылан

2003 жылы жұмыртқадан шыққан 10 сантиметрлік Сандра (лақап аты) 15 жыл ішінде айтарлықтай өскен.

«Бүгін біз оны өлшедік. Ол 2018 жылғы 1 мамырдағы өлшеу нәтижесіне сәйкес 5 м 10 см құрады. Жыланның орташа салмағы 80 кг. Оның мінезі шатақ, ең дұрысы оған артық тиісуге болмайды. Биыл торлы жыланға 15 жыл толады», - дейді Алматы зоопаркі.

Зоопарк мамандары мұндай ұзындықтағы жыландарды өлшеу қиын әрі қауіпті екендігін алға тартты.

Сенімді ақпарат көздеріне қарағанда, әлемдегі ең ұзын торлы жылан 7,5 метрді құрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
4
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір