RU

Джейкобс: Головкиннен жеңілген соң бойымда сенімділік пайда болды

Дэниэл Джейкобс
Фото: UGC

WBA тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) Геннадий Головкинді реваншта сұлататынына сенімд. Бұл туралы Qsport.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жақында ғана польшалық Мацей Сулецкийді (26-1 10 КО) жеңген Дэниел Джейкобс Головкинмен реванш болса, жеңетініне сенімді екенін айтты.

"Головкинді қарымта кездесуде сұлататыныма сенімдімін. GGG-дан жеңілгеннен кейін бойымда сенімділік пайда болды. Меніңше, мен Головкинді жеңдім. Мені көбісі 6 раундтан аспай, нокаутқа түседі деп ойлады. Алайда, мен өз үстемдігімді көрсеттім", – деді Дэниел.

Айта кетейік, Дэниел Джейкобс отандасымыз Геннадий Головкинге қарсы 2017 жылдың 18 наурызында жекпе-жек өткізді.

Нью-Йорктағы «Мэдисон Сквер Гарденде» өткен жекпе-жекте 12 раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшының мерейі үстем болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729959-dzejkobs-golovkinnen-zeilgen-so-bojymda-senimdilik-pajda-boldy.html