RU

Бассейнде су жұтып қойған төрт жасар қыз ауруханадан бір-ақ шықты (фото)

Төрт жасар Элиана Грейстің анасы барлық ата-аналарға балалары үшін өте сақ болуды ескертіп отыр. Оның бүлдіршіні АҚШ-тың Сарасота қаласында бассейнге шомыламын деп, аз ғана су жұтып қойған. Салдарынан қыздың қызуы көтеріліп, ауруханадан бір-ақ шыққан деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Элиана суда шомылып жүргенде біреу бассйенге қатты секіргендіктен, оның аузына су кіріп кетеді. Ол уақытта қыз судан атып шығып, түк болмағандай ойнап жүріпті. Дегенмен екі күн өткен соң, оның қызуы көтеріліп, халі нашарлайды.

"Жай ғана суық тиіп қалған шығар деп ойладым. Бірақ жағдайы жақсармаған соң, дәрігерге алып барған болатынмын. Сонда мамандардың қойған диагнозын көріп, талып түсе жаздадым.

Элиананы бірден шұғыл медициналық көмек бөліміне алып кетіп, аспирациондық өкпе қабынуы деген диагноз қойды", - дейді анасы Лейси Грейс.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Қазір Элиана мұрнындағы түтікше арқылы тыныс алып жатыр. Дәрігерлер салып жатқан күшті антибиотиктер қыздың өкпесіне жиналған бактерияларды жояды деп үміттенуде. Сонда ғана бүлдіршіннің денсаулығы қалпына келіп, өздігінен демала алатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729960-bassejnde-su-ztyp-kojgan-trt-zasar-kyz-auruhanadan-bir-ak-sykty-foto.html