RU
Асанәлі Әшімов: Сапарбаев жемқорлықтан аулақ жүретін жақсы басшы
Жаңалықтар Қоғам

Асанәлі Әшімов: Сапарбаев жемқорлықтан аулақ жүретін жақсы басшы

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеге Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры гастрольдік сапармен келді. Актер, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов соңғы жылдары Ақтөбенің қалай өзгергенін, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қандай басшы екенін айтып берді деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімов

Жергілдікті тілшілерге баспасөз мәслихатын өткізген театр ұжымы алдағы жоспарымен бөлісті. Ал КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов Ақтөбедегі драма театрын Алматыға шақырды.

«Бұл өңір тарихта белгілі, ұлы адамдар шыққан жер. Әруақытта біз тағзым етіп, сәлем беріп келеміз. Ол біздің міндетіміз. Театрда қазақ, орыс труппасы бар. Әріптестеріміздің көбін танимыз. Спектакльдерімен Алматыға шақыруға мүмкіндігіміз бар. Олар да орталыққа келіп есеп бере алады. Жоспарымызда бар. Режиссерлар ауысып, спектакльдер қоюға болады», — деді Асанәлі Әшімов.

Баспасөз мәслихаты кезінде Асанәлі Әшімов Ақтөбенің қалай өзгергенін айтып берді.

«Ақтөбеге 7-8 жыл бұрын келген едім. Қала көп өзгерген, жақсарған. Орталықта көптеген мәдени ошақтар ашылған. Қаланың тәртіпті болып тұруы, жақсы құрылыстардың түсуі, Жұбановтар орталығының ашылуын көріп, қуанып қалдым.

Қала өсіп келе жатыр. Басшыларың жақсы. Бердібек Сапарбаев көп жерде жұмыс істеген, тәжірибесі бар, адал. Жемқор емес, ондайдан аулақ, жақсы басшы. Бердібек Сапарбаев маған ұнайды.

Сапарбаев сияқты бірнеше басшы бар. Шенеуніктерді көп сынап жатамыз. Ондайлар да көп. Ел туралы, елдің қамын ойлайтын, өнерге зер салатын басшылар да бар. Сонысымен жақсы дейміз. Қандай басшы сондай ел, қала болады», — деді Асанәлі Әшімов
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір