RU
Полицейлерден қысым көрген ақтөбелік азамат шындықты жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Полицейлерден қысым көрген ақтөбелік азамат шындықты жайып салды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласының тұрғыны, III топтағы мүгедек Валентин Резниченко полиция қызметкерлерінен көрген қысымы туралы айтып берді деп хабарлайды Рика ТВ арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Валентин Резниченко. "Рика ТВ" арнасынан скриншот

Валентин Резниченко. "Рика ТВ" арнасынан скриншот

Азаматтың айтуынша, оқиға 14 сәуір күні болған. Ол зейнетақысын ала салып, Орталық базар маңындағы кафеге сыра ішуге барады.

Кафеден шығып, такси ұстай бергенінде, жанына полиция көлігі келіп тоқтайды. Онда тәртіп сақшылары мүгедекті көлікке салып алыпты.

Резниченконың айтуынша, полицейлер одан ақша талап етіп, банктік карточкасының құпия сөзін сұраған. Қызметтік көлікпен қаланы біраз айналған соң, оны алкогольден айықтырғыш мекемеге апарып тастайды.

Осыдан кейін азамат бірнеше күн есін жинай алмай жүріпті. Не болғанын анықтайын деп, өзі шыққан айықтырғыш мекемеге қайта барады. Ондағы қызметкерлерден сұрастыра келе, бір полицейдің аты-жөнін анықтаған екен.

Белгілі болғандай, мүгедектің банктік картасындағы ақша 15 сәуір күні "Сазды" ауданындағы банкомат арқылы алынған.

ІІД мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлерінің үстінен жазған Резниченко шағымы бойынша сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары басталған.

"Қазір сотқа дейінге тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұдан басқа ақпаратты әзірге бере алмаймыз", - деді Ақтөбе облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Ерболат Сарқұлов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel