RU
Еліміздегі имам-молдалар теңін таппай жүргендердің басын қоспақшы
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздегі имам-молдалар теңін таппай жүргендердің басын қоспақшы

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы бойдақтар саны енді мейлінше азаятын болады. Бұл туралы Қарағанды облысындағы ауыл имамы Айдос Сағанаев өзінің желідегі парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Еліміздегі имам-молдалар енді "жеңгетайлықпен" айналыса бастады

Еліміздегі имам-молдалар енді "жеңгетайлықпен" айналыса бастады

Аймақтағы имамның сөзінше, өмірлік серігін жолықтыра алмай жүргендер мешітке келіп, арнайы өтініш айтады екен.

Сондықтан, жұртшылықтың өтінішіне орай бір басын екеу қылып, шаңырақ көтергісі келген жандар үшін WhatsApp желісінде арнайы топ құрылған.

"Кейбір бойдақ бауырларымыздың отбасы құруда жар іздеп немесе ер іздеп бізге де өтініш еткендер бар. Соған орай, WhatsApp желісінде никах деген атпен топ ашылған еді. Соған қосылыныздар. Мүмкін себепкерлік болар. Əрине ханымдар WhatsApp нөмерін жекеге мессенджерге жіберсеніздер болады. Бұл жерге номер қалдырманыздар, әртүрлі қара пиғылды адамдар бар", - дейді дін жолындағы адам өз жазбасында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
2
2
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel