Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Instagram арқылы атағын шығарған қазақ қыздары кімдер? (фото)

Опубликовано:

Бүгінде көптеген адамдар әлеуметтік желі арқылы танымалдылыққа қол жеткізіп, жетістіктірге жетуде. Осы орайда, NUR.KZ порталы Instagram желісінде танылған қазақстандық арулар тізімін ұсынады.

Қыздар. Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ
Қыздар. Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ: UGC
Олардың қатарында Айжан Байзақова, Анара Батырхан, Әсел Асқар, Айым Алтынбекова, Жанерке Елшін бар.

Бойжеткендер танымалдылыққа қол жеткізгеннен кейін шығармашылықпен айналысуға көшкен.

Байзақова. Фото: news.daitsuna.com
Байзақова. Фото: news.daitsuna.com: UGC

Айжан Байзақова өзінің жартылай жалаңаш суреттері мен ұятсыз бейнебаяндары арқылы танылды. Бүгінде ол түрлі вайндарға түсіп, ән орындап та үлгерді. Сондай-ақ, атышулы ару еліміздегі танымал бағдарламаларға қонақ ретінде шақырылуда.

Анара Батырхан. Фото: Instagram
Анара Батырхан. Фото: Instagram: UGC

Анара Батырхан

Өзінің сөйлеу мәнерімен ерекшеленген ару да Instagram арқылы танымалдылыққа қол жеткізген. Қазір бойжеткен "Гу-гу-лет" бағдарламасының тізгінін ұстап, бейнебаян түсірді.

Әсел Асқар. Фото: Instagram
Әсел Асқар. Фото: Instagram: UGC

Әсел Асқар

Бүркіттің қарындасы әлеуметтік желі арқылы танымалдылыққа қол жеткізгендердің бірі. Өзіндік сұлулығы бар ару актрисалық және жүргізушілік қырынан танылуда. Күйеуінен ажырасқан оның бір ұлы бар.

Айым Алтынбекова. Фото: Instagram
Айым Алтынбекова. Фото: Instagram: UGC

Айым Алтынбекова - Aeka Posh атымен танылған. Ол кейін елімізге белгілі әртістің ұлы Дидар Кәденге тұрмысқа шығып, ұлды болды.

21 жастағы келіншек бүгінде бет әрлеу ісімен айналысады.

Жанерке Елшін. Фото: Instagram
Жанерке Елшін. Фото: Instagram: UGC

Жанерке Елшін

Үнемі отандық бағдарламалардан көрінетін ару да Instagram арқылы танымалдылыққа қол жеткізген. Жан Ахмадиевтің "Зың-зың" бейнебаянына түскен ол "Қалаулым" бағдарламасына қатысып, бақытын тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1729976-instagram-arkyly-atagyn-sygargan-kazak-kyzdary-kimder-foto/

pixel