RU
Қызғаншақ әйел күйеуінің ашынасын аңдып жүріп, атып тастады
Жаңалықтар Әлемде

Қызғаншақ әйел күйеуінің ашынасын аңдып жүріп, атып тастады

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Пенсильвания штатында күйеуінің опасыздығын біліп қойған азаматша, қызғаныштан сүйіктісінің жас ашынасын атып өлтірген. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары марқұмның қасында жатқан қылмыскер әйелдің де жансыз денесін анықтаған деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

АҚШ-та Пенсильвания штатының тұрғыны Дженнер Джеррадо күйеуінің ту сыртында басқа біреумен көңіл қосқанын біліп қойып, бірден отбасының ортасына түскен әйелден кек алмақ болған.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Ол 33 жастағы Мередит Чэпменнің үйіне кіріп алып, оның жұмыстан келгенін күтті. Күйеуінің ашынасы үйге кіре бергенде қызғаныштан іші өртеген Дженнер оны бірден атып өлтірген. Кек алып ойлағанын іске асырған 48 жастағы азаматша артынша өзіне-өзі қол жұмсады.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Екі әйелдің өзара ұқсастықтары өте көп. Тартымдылығынан бөлек, екеуі де жоғары лауазымдағы аса білікті мамандар ретінде танылды. 33 жастағы Мередит Чэпмен Вилланова университетінің вице-президенті болса, 48 жастағы Дженнер Джеррадо маркетинг бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Дженнердің күйеуі Мередитпен бір мекемеде жұмыс істеген. Әріптестер арасында сезім пайда болып, олар жасырын қарым-қатынаста болуға бел байлады. Алайда Марктің әйелі оның ашынасы пайда болғанын ұялы телефон арқылы біліп қойған.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Белгілі болғандай, сол күні Мередит пен Марк кешкі асқа бірге бару керек болды. Бірақ келісілген жерге 33 жастағы әйел келмегендіктен ол іштей бір нәрсені сезіп, Мередиттің үйіне бет бұрды.

Атысты естіген ер адам сүйіктісінің үйіне кіруге дәті бармаған көрінеді. Мередиттің көршілері ол туралы тек қана жақсы пікір айтуда. Олар аса тыныш аудандардың бірі саналатын Раднорда мұндай оқиғанынң болуы алғаш рет деп айтты.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Енді Марк Джеррадо екі бірдей сүйіктісінен айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
10
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel