RU
Бар-жоғы 40 адамға концерт берген Ғаділбекке ел риза болды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бар-жоғы 40 адамға концерт берген Ғаділбекке ел риза болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Еліміздің түкпір-түкпірін аралап, ауыл-аймақтарға жанды дауыста концерт беріп жүрген отандық әнші Ғаділбек Жаңай 2 мамыр күні Шәуілдірде небәрі 40 адамға арнап ән салған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бар-жоғы 40 адамға концерт берген Ғаділбек көпшілікті сүйсінтті (видео)

Бар-жоғы 40 адамға концерт берген Ғаділбек көпшілікті сүйсінтті (видео)

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

"Шәуілдірде 40 адамға концерт бердік. Көш жүре түзеледі деген бар ғой, Ағайын! Келген әрбіріңізге үлкен рахмет! Қысқасы, өзіміз отырып шәй іштік", - деп жазады Ғаділбек.

Желі қолданушылары болса оның қарапайымдылығы мен ақкөңілдігіне риза болып, жағымды пікірлерін аямай жазды.

"Қарапайымдылық бойында бар, керемет дауыс, таланты бар, Осындай Гадөш! Тек қана біздің қазақта бар. Сендермен мақтанамыз", "Әнші болса сіздей болсын, құрметке лайықтысыз", "Шәуілдір естімеген шығар дұрыстап келетініңізді. Өнерде биікке самғай беріңіз", - деп жазды Ғаділбектің оқырмандары.

Дегенмен, олардың арасында "ұят болған екен", "дұрыстап жарнамалау керек еді" деген сыни пікір қалдырғандар да табылып жатты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
18
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір