RU
Франция президенті әріптесінің әйеліне қырындады (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Франция президенті әріптесінің әйеліне қырындады (видео)

Рассказать Вконтакте

Сиднейге арнайы іс-сапармен барған Франция президенті ыңғайсыз оқиғаға тап болды. Үлкен жиын барысында сөз сөйлеген Эммануэль Макрон Австралия премьер-министріне өз алғысын білдіріп қана қоймай, оның әйелін "тәттіге" теңеген деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Француз халқының сенімін толығымен жаулай алмаған Эммануэль Макрон өзінің сөзі барысында ойламаған жерден ыңғайсыз жағдайға қалып қойды.

Австралия астанасына арнайы іс-сапарымен барған Франция президенті жиын кезінде австралиялық премьер-министрді мадақтап, оған деген өз алғысын білдірген. Онымен қоймаған Макрон саясаткердің сүйіктісіне де жылы лебізін білдіріп үлгерді.

Ол Австралия премьер-министрінің әйелін "тәттіге" теңеді.

Франция президентімен болған оқиға бірден интернетке тарап кетіп, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Кейбіреулер Макрон енді өз әйелінің алдында ұятқа қалды деп жатса, қалғаны француз басшысы ол сөзді дұрыс мағынада аудармағанын айтып жатыр.

Желі қолданушылардың айтуынша, "delicieux" сөзі француз тілінде "көрікті, сымбатты" мағынасын берсе, ағылшын тіліндегі "delicios" болса тағамға қатысты "тәтті" дегенді білдіреді.

Осыған орай, Макрон сөзді басқа мағынада шатастырып қолданса керек дейді олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel