RU
Мексикалық жұп тұңғыш ұлына Головкиннің есімін берді (фото)
Жаңалықтар Спорт

Мексикалық жұп тұңғыш ұлына Головкиннің есімін берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйерлері әлемнің әр түкпірінде бар. Мәселен, Мексикада тұратын ерлі-зайыптылар тұңғышына Головкиннің есімін берген. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ақпарат Головкиннің ВКонтакте парақшасында жария болды.

"Танысып қойыңыздар - мына баланың есімі де Геннадий. Мексикалықтар өз балаларының есімін біздің чемпионның құрметіне қоятын сәт осы", - делінген жазбада.
Геннадий мексикалық аттасымен бірге. Фото: vk.com/ggolovkin

Геннадий мексикалық аттасымен бірге. Фото: vk.com/ggolovkin

Vesti.kz ақпаратына сәйкес, сурет Головкиннің Ванес Мартиросянмен кездесуі қарсаңындағы баспасөз жиынында түсірілген. Мексикалықтар іс-шараға ұлымен бірге келіп, Геннадийден бірге суретке түсуін сұраған екен.

Сонымен қатар, Головкинге баспасөз жиынында IBF титулын үш рет қорғай алғаны үшін чемпион жүзігі сыйланды.

Еске салсақ, 5 мамыр күні Головкин – Мартиросян жекпе-жегі Калифорнияның StubHub Center аренасында өтетін болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel