RU
"Мықтылар сайысы": Чемпиондар лигасының финалистері анықталды
Жаңалықтар Спорт

"Мықтылар сайысы": Чемпиондар лигасының финалистері анықталды

Рассказать Вконтакте

Күллі әлем көз тіккен Еуропа Чемпиондар лигасының ақтық сынында бақ сынасатын командалар белгілі болды. Футбол жанкүйерлері асыға күткен финалға "Реал Мадрид" пен "Ливерпуль" командалары өтті. Футбол әлеміндегі Еуропа чемпионы 26 мамыр күні анықталмақшы деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Жартылай финал аясында өткен кездесулер нәтижесінде ақтық мәреге жеткен екі үздік команда анықталды. Енді олар Еуропа чемпионы атағына өзара таласады.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Мадридтік "Реал" өз алаңында өткен екінші жауапты ойында мюнхендік "Бавариядан" асып түсіп, неміс командасының финал жайлы арманын ойран етті.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Карим Бенземаның қарсылас қақпасына соққан екі голы неміс машинасын істен шығарғандай болды. Испаниялық клуб 4:3 жалпы есептік көрсеткішпен "Баварияны" жеңіп, ақтық сынға өз жолдамасын сенімді түрде алған.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Ал, Чемпиондар лигасындағы Англия өкілі "Ливерпуль" италиялық қарсыласы "Ромаға" екі мәрте тарихи оқиға жасауына мүмкіндік бермеді.

Өз жанкүйерлерінің алдында болған екінші жауапты матчта жігерлене түскен италиялық команда футболшылары жеңіс үшін жанын салды.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Алайда оның өзі шабуыл шебі жойқын "Ливерпульді" тоқтатуға жеткіліксіз болған. Командалар арасындағы жалпы есеп 6:7 болып аяқталып, сәйкесінше англиялық клуб финалға өтті.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Чемпиондар Лигасында алдынан шыққан командаларды ойсырата жеңіп, турнир соңына дейін жеңіліссіз жеткен "Реал Мадрид" пен "Ливерпуль" енді өзара үздікті анықтайтын болды.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Айта кетейік, "Реал Мадрид" жаңа рекордқа жақындап келеді. Мадридтік команда "Ливерпульді" жеңген жағдайда, олар футбол әлемінде Еуропа Чемпиондар лигасын үш мәрте ұтқан алғашқы клуб атағына ие болады.

Футбол сүйер қауымның асыға күткен финалдық кездесуі 26 мамыр күні Украинаның астанасы Киев қаласында өтеді. Екі финалист команда "Олимпийский" стадионында тартысты ойын көрсететініне жанкүйерлер кәміл сенімді.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel