RU

Ғалымдар: Адамзаттың тең жартысы ақымаққа айналуы мүмкін

Чехиялық ғалымдар бесінші типтегі герпес вирусы адамдарды біртіндеп ақымаққа айналдыратынын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы lab.bit.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақыл. Көрнекі фото: Медицина и здоровье
Ақыл. Көрнекі фото: Медицина и здоровье: UGC

Зерттеуге 283 биолог-студент қатысқан. Олар вирусқа сараптама тапсырып, IQ-тесттен өтеді. Нәтижесінде студенттердің 52,2 пайызы аталмыш вирусқа шалдыққаны анықталған.

Мұндай вирус жұқтырғандар тестті нашар тапсырып, тіпті уақыт өте келе интеллект деңгейі төмендеп жатқанын байқатады.

Ғалымдардың бұл тұжырымын 533 еріктіден құралған тағы бір зерттеу растай түскен.

Бесінші типтегі герпес вирусы немесе Цитомегаловирус (CMV) әлем бойынша кеңінен тараған. Оны адамзаттың 45 пайызы жұқтырып үлгерген екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730007-galymdar-adamzatty-te-zartysy-akymakka-ajnaluy-mmkin.html