RU
Назарбаев әскери және арнаулы атақтарды кімдерге берді?
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев әскери және арнаулы атақтарды кімдерге берді?

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев әскери және арнаулы атақтарды кімдерге берді?

Назарбаев әскери және арнаулы атақтарды кімдерге берді?

Аталмыш құжатқа сәйкес, Генерал-лейтенант әскери атағы Жанжүменов Талғат Жеңісұлына;

Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына, Өсіпов Марат Сапарұлына;

Сыртқы барлау генерал-лейтенанты арнаулы атағы Байжанов Ғабит Жақыпбайұлына берілді.

Сонымен қатар, 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шенін Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлы;

Генерал-майор әскери атағын Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлы, Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы, Бочаров Дмитрий Владимирович, Көпбаев Қайрат Рашидұлы, Қалиев Арман Зарлықұлы, Ізтілеуов Серік Бақытжанұлы;

Авиация генерал-майоры әскери атағын Подгайский Евгений Евгеньевич алды.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Оңғарбаев Сабыржан Ибрагимұлына, Рақымбердиев Бақытбек Төлешұлына;

Сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Оразов Нұрлан Оразұлына;

полиция генерал-майоры арнаулы атағы Абисатов Махамбет Хайыржанұлына, Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына, Қабденов Мұрат Талапұлына, Сүлейменов Жанат Қуанышұлына берілді.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Дембаев Болат Бекназарұлына, Жылқыбаев Азамат Сембайұлына 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Әзбергенов Дулат Байдалыұлына табысталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel