RU

Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Жақында ғана кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген қазақстандық спортшы, Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов: UGC
"Менің келесі жекпе-жегім Лондон қаласында, 6 маусымда, Йорк Холлда өтеді. Бұл менің Ұлыбританиядағы дебюттік кездесуім болады", - деп жазады боксшы өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетер болсақ, Нью-Йоркте өткен алғашқы жекпе-жегінде қазақ баласы америкалық боксшы Ноа Кидті нокаутпен жеңген болатын.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасқан боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған еді. Данияр қарсыласын 3 раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730035-daniar-eleusinov-kelesi-zekpe-zegi-turaly-resmi-mlimdeme-zasady.html