RU
Назарбаев: Тәуелсіздік алғанда әскер басқаратын адам таппай қалдым
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев: Тәуелсіздік алғанда әскер басқаратын адам таппай қалдым

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев 7 және 9 мамыр қарсаңында дәстүрі жоғары әскери және арнаулы атақтар мен шендерді тапсыру салтанатында тәуелсіздік алған кезде ел әскерін басқаратын генерал таба алмай, жалғыз бір адамды тапқанын еске алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев

Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстан антқа берік, аманатқа адал айбынды армия тәрбиелеп, оны жабдықтап келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев сайыпқыран сардарлар мен сарбаздардың қастерлі тәуелсіздігіміздің қорғаны бола білгенін атап өтіп, алдағы уақытта да бола беретініне сенім білдірді.

"Баһадүр бабалардың ерен еңбегін егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда деп айтуға болады. Бүгін бір топ азаматтың жоғары наградалармен марапатталуы - соның айқын дәлелі.

Мен осы марапаттауға келе жатып, "74 жыл кеңес одағында болған уақытта қай адамға генерал шені тапсырылды?" деп ойландым. Бүгін бір күннің ішінде 22 атақ берейін деп отырмын. Тәуелсіздік алған кезде елдің әскерін басқаратын бір генерал іздеп, жалғыз Нұрмағамбетовты тапқан болатынмын.

Еш уақытта осыны естен шығармаңыздар. Ел болып, тәуелсіз Қазақстан болғаннан кейін Бас қолбасшысы өз қолымен осындай атақ береді", — деген мемлекет басшысы жиналғандарды Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтады.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
1
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір