RU

Теміртауда бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді

Теміртаудың 22 жастағы тұрғыны аса ауыр қылмыс түрін істеген болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Теміртауда бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді
Теміртауда бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді: UGC

30 сәуір күні Бұқар жырау ауданындағы Ростовка ауылының маңындағы су қойма жағасынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Оның денесінде зорлықпен өлтірілгенін дәлелдейтін белгілер бар.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыстық полиция қызметкерлері Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Теміртау қаласы Ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының бұрынғы сержанты.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730043-temirtauda-bryngy-policej-adam-ltirdi-degen-kdikke-ilindi.html