RU
Сарымсақ рак пен диабеттің алдын алуға көмектеседі
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Сарымсақ рак пен диабеттің алдын алуға көмектеседі

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесінде бірқатар ауруларды емдеудегі сарымсақтың пайдасы дәлеоденді. Олардың мәлімдеуінше, сарымсақты қолдану арқылы рак пен диабетке шалдығу қауіпін анағұрлым азайтуға болады деп хабарлайды timeskz.kz.-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimeskz.kz

Фото: newtimeskz.kz

Мамандар жүргізген зерттеу жұмысының нәтижелері әлемдік ғылыми басылым бетіне жариянған.

Сарымсақтың ауруларды емдеудегі пайдасы оның дайындалу әдісіне тікелей байланысты. Алайда, ғалымдар оны қолданудың қай тәсілі ең оңтайлы болатыны жөнінде ойлары бөлініп, бір шешімге әлі де келе алмай отыр.

Олардың айтуынша, сарымсақ құрамындағы күкірт компоненттері жасуша мен терідегі газ тәрізді заттың сигналды молекулалар мөлшерін өзгертуге қауқарлы. Бұл молекулалар өз кезегінде физиологиялық және биохимиялық үрдісті туындатып, олардың өрбуіне септік тигізеді.

"Бұл мәселе әлі де қосымша зерттеуді талап етеді. Біз сарымсақты қандай күйде қолданғанда оның күкіртті құрамдастары рак пен диабетті жеңуге қуаттырақ болатыны жөнінде келісе алмай отырмыз. Ғалымдардың пікірі бөлініп кеткендіктен, түпкілікті шешімді табу үшін зерттеуді жалғастырмақ ойымыз бар", - деп айтты зерттеу тобының мүшесі Питер Роуз.
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel