Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қариямен сөзге келген Төреғалиді белгісіз әжей жақтап шықты (видео)

Опубликовано:

Күні кеше Шымкенттен ақбозат мінген Төреғали Төреәліге белгісіз әжей қолдау білдірді. Ол әншіні өз қорғауына алмақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі. Фото: Today.kz
Төреғали Төреәлі. Фото: Today.kz: UGC

Павлодардағы шудан соң әншіге еліміздің бірнеше өңірі наразы болып, концерттері тоқтап қалған болатын.

Ал осыдан бірнеше күн өткен концертінде есімі белгісіз әжей Төреғалиға қолдау білдіріп, тиіскен адамды өзіне айтуды сұрады.

Батасын берген кісі "Саған бір шал тиісіп жүр дейді ме? Өзім сөйлесемін ол шалмен. Қайта осындай баланың болғанына қуанбайды ма? Бақытты бол, айналайын", - деді.

Айта кетейік, күні кеше Оңтүстіктің тұрғындары әншіге ақбозат мінгізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1730049-kariamen-szge-kelgen-tregalidi-belgisiz-zej-zaktap-sykty-video/

pixel