RU
Істі болған шымкенттік танымал журналист сотта ақталып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Істі болған шымкенттік танымал журналист сотта ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

Тендерге қатысты мақала жазып істі болған шымкенттік танымал журналист Динара Бекболаева сот үкімімен кінәсіз деп танылды. Ал арызданушы тарап белгісіз себептермен сот отырысына қатыспады деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сот. Фото: NUR.KZ

Сот. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Шымкент қаласы, Абай аудандық сотында журналистке қатысты сот отырысы өтті. Бұл іске журналист Динара Бекболаеваның Ratel.kz порталында жария етілген "Акимат ЮКО платил за троллинг Габидуллы Абдрахимова?" деп аталатын сараптамалық мақаласы себеп болған.

Мақала жарыққа шыққан соң төрт ай өткеннен кейін облыстық әкімдіктен мемлекеттік тапсырыс алған белсенді Сүйін Абулда сотқа "журналист мақала арқылы жала жапты" деп жеке шағым түсірген.

Сот. Фото: NUR.KZ

Сот. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Қылмыстық кодекстің 130-бабы бойынша қаралған іске бүгін нүкте қойылды. Судья Элеонора Бакирова журналист Бекболаеваны кінәсіз деп таныды.

Айта кетейік, Шымкенттегі мемлекеттік сараптама орталығы мен алматылық жекеменшік орталықтағылар психология-филологиялық сараптама өткізіп, мақалада арызданушы Сүйін Абулданың "абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеген және оның беделін түсіретін көрнеу жалған мәлімет жоқ" деген қорытынды шығарған болатын.

Ал арызданушы Сүйін Абулданың не өзі, не қорғаушысы белгісіз себептермен сот процесінің соңғы екі отырысына қатыспады.

Журналист Динара Бекболаеваның қорғаушысы Дәурен Момбаев бұл салада тәжірибесі мол маман екенін айта кетейік. Ол - қолға алған істің басым көпшілігінде жеңіске жеткен танымал қорғаушылардың бірі.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel