RU

34 әскери азамат пен бір нәзік жанды: Назарбаев әскерилерді марапаттады

Үшінші мамыр күні Ақордада әскери марапаттар мен атақтарды табыстау рәсімі өтті. Нұрсұлтан Назарбаев оларды 35 әскери азаматқа табыстаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Марапаттау. Фото: NUR.KZ
Марапаттау. Фото: NUR.KZ: UGC

Іс-шараға Бақытжан Сағынтаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Нығматулин, Кәрім Мәсімов, Қалмұханбет Қасымов пен Сәкен Жасұзаков бастаған шенеуніктер жиналды.

"Мұндай үлкен құрметке әскер өкілдері, бейбітшілікті сақтайтын қызмет өкілдерінің ішіндегі ең үздіктері лайық", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бүгінде президенттің қолынан марапатты 35 адам алады - олардың 34-і ер адам, ал біреуі нәзік жанды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

22 әскери қызметкер жоғары әскери атаққа ие болды. Президент олардың әрқайсысын марапаттап, қол алысты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Екінші деңгейлі "Данқ" ордені Мұхамедхан Таласовқа, Марат Құсайыновқа, Мұхаметқали Сатовқа және Қайрат Жақыпбаевқа бұйырды.

Бірінші деңгейлі "Айбын" орденін Дулат Құрмашев пен Асхат Төлеуов алды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал екінші деңгейлі "Айбынды" Жасұлан Жақыпов, Андрей Калинин мен Дмитрий Пластовец иеленді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Залдағы жалғыз нәзік жанды Эльмира Омароваға бір шоқ гүл мен "Құрмет" ордені табысталды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Ерлігі үшін" медалін Ғалымжан Әлеуханов пен Виталий Калмыков алған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі Нұрлан Залмұқановқа бұйырды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Полицияның генерал-майоры атағы Абисатов Махамбет Қайыржанұлына, Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына, Қабденов Мұрат Талапұлына, Сүлейменов Жанат Қуанышұлына берілді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730053-34-skeri-azamat-pen-bir-nzik-zandy-nazarbaev-skerilerdi-marapattady.html