RU
Көше спортымен шұғылданатын атыраулық шенеунікке көпшілік тәнті болды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Көше спортымен шұғылданатын атыраулық шенеунікке көпшілік тәнті болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақ спортының мақтаныштары street workout, яғни, көше спортына арналған эстафетаны сәтті жалғастырып жатыр. Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған челлендж бүгінде спортсүйер қауым арасында кеңінен таралуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жастар арасында спортты насихаттап, көше спортының мәртебесін арттыру мақсатында ерекше эстафета бастаған болатын. Ереже бойынша, эстафетаны қабылдаушылар көше спортымен шұғылданып, желіге жаттығудан үзінді салады. Өз кезегінде министр эстафета таяқшасын Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, актер Әділ Ахметов және әнші Қайрат Нұртасқа табыстады.

Азамат Бекет сол жақта

Азамат Бекет сол жақта

Бұл жобаны қолдаушылар саны күн санап көбейіп келеді. Мәселен, Атырау облыстық спорт басқармасының басшысы, әуесқой бокста біраз белесті бағындырған Азамат Бекет те эстафетадан қалыс қалмай, өзінің спорттық бабын әлі жоғалтпағанын көрсетті. Боксшының көше спортымен айналысқанын бейнелейтін видео дереу әлеуметтік желілерге таралып кеткен. Азаматпен бірге жаттығу жасағандар қатарында бокстан әлем чемпионы Галиб Жафаров пен Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Тен де бар.

Азамат эстафета таяқшасын кәсіби бокс саңлағы Қанат Исламға ұсынған еді. Еліміздің мақтанышы Қанат Ислам да бұл әлеуметтік жобаға қолдау танытып, барша жастарды көше спортымен айналысуға шақырды.

Street workout-ты аула спорты деп атаса да болады. Мұнда көбінесе белтемір, гимнастикалық қоссырық, швед тосқауылы сынды спорттық құрылғылар арқылы жаттығу жасайды. Бүгінде спорттың бұл түрі әлем бойынша қарқынды дамып келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір