RU
Жаңаөзенде құлайын деп тұрған үйді 30-дан астам отбасы паналап жүр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жаңаөзенде құлайын деп тұрған үйді 30-дан астам отбасы паналап жүр (видео)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы "Шұғыла 1" көпқабатты үйінің тұрғындары NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдап, апатты жағдайда тұрған баспаналарын көрсетті. Айтуларынша, шамамен 50 жыл бұрын салынған үй әлі күнге жөндеу көрмеген.

Көрнекі фото: Повестка дня

Көрнекі фото: Повестка дня

"Шұғыла 1" үйінің төрт қабатында 32 отбасы тұрады. Олар баспанасына кіріп, қайта шыққан сайын "Аллаға сыйынып" жүреміз дейді. Себебі құлаудың шақ алдында тұрған үйдің қабырғалары жарылып, бағаналары үгітіліп тұр екен.

"Қатты жаңбыр жауғанда зәре құтымыз қалмай қорқамыз. Үй құласа, тұрғындардың жағдайы не болмақ? Ток сымдары да ашық-шашық салбырап тұр. Балаларды ойнауға жіберуге қорқатын болдық", - деп ашынды тұрғын.

Шұғылалықтардың сөзіне сүйенсек, бұл үй салынғалы бері ешбір жөндеу көрмеген. Тұрғындар жергілікті билікке оның қауіптілігін айтып қанша шырылдағанымен, еш нәтиже болмапты.

"Осы үй құлап, адам шығыны болмай тұрғанда әкімдік бір шара қолданса дейміз. Бүгінге дейін билікке бірнеше рет өтініш жаздық. Нәтиже болар деп үміттенеміз", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel