Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олигарх күйеуінен ажыраспақ болған әйел одан 50 млн доллар талап етті

Опубликовано:

Ресейдегі "Лудинг" компаниялар тобының басшысы Артур Варжапетянның жұбайы ажырасу урдісі барысында күйеуінен ортақ шарап бизнесіндегі өз үлесін талап етті. Анна Шахназарова компания құрамындағы өзіне тиесілі активтерді 50 миллион көлемінде бағалаған деп хабарлайды rbc.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rbc.ru
Фото: rbc.ru: UGC

Мәскеу сотына ажырасу ісі бойынша жүгінген кәсіпкердің әйелі некені бұзу құжаттарынан бөлек, күйеуінің компаниясындағы өзіне тиесілі активтерді алу туралы арыз қалдырған. Ерлі-зайыптылар ортақ мүлікті өзара бөлісу кезінде бір мәмлеге келе алмағандықтан осындай қадамға баруды ұйғарды.

"Анна Шахназарова шарап өндіруші компанияның стратегиялық дамуына етене араласып, өзінің елеулі үлесін қосқан. Осыған орай ол Отбасылық кодекске сәйкес, бірге жиып-терген мүліктің тең жартысын алуға толық құқылы. Оған қоса, Анна Шахназарова "Лудинг" компаниялар тобындағы Артур Варжапетянға тиесілі үлестердің де жартысын заң жүзінде иемденуге қауқарлы", - деп айтты кәсіпкер әйелінің қорғаушысы Олег Пономарев.

Фото: luding.ru
Фото: luding.ru: UGC

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар өзара бөлісетін мүлік ішінде бірнеше қымбат көлік пен Ресей, Швейцария, Франция мен АҚШ-тағы бірқатар жылжымайтын мүлік азаматшаға тиесілі болуы тиіс. Сонымен қатар, 50 миллион көлеміндегі компания активтері де Шахназарова үлесі болып саналады.

Артур Варжапетян да үнсіз қалмаған. Ол да сот органына барып, әйеліне қарсы шағым түсірді. Құжатта кәсіпкер Анна Шахназаровамен жылжитын және жылжымайтын мүлікті бөлісуде қарсылық танытпайтынын айтып, ол мүліктің тең жартысы міндетті түрде әйел үлесіне өтетініне сендірді.

Алайда, компаниядағы өзінің үлесін Артур Варжапетян өз атында сақтап қалуға ниетті. Оның айтуынша, азаматшаның үлеске үміткер ретінде арыз беру қоғамдық құқыққа қайшы келіп отыр.

Фото: luding.ru
Фото: luding.ru: UGC

"Ресейлік сот органдары бұл тұрғыда ажырасқан ерлі-зайыптылар арасында компания үлесін бөлісуге қарсы. Мұндай жағдайлар өте сирек болып тұрады. Сот компанияның негізгі үлескері кім болса, бизнесте жиған қаражат сол адамға тиесілі болып сақталады. Бұл жағдайда Артур Варжапетян басты үлескер болғандықтан өз үлесін өз атында сақтауға қауқарлы. Алайда ресейлік сот оны әйеліне бұл тұрғыда өтемақы төлеуді міндеттейді", - деп мәлімдеді заңгер маман.

Жергілікті ішімдік нарығын зерттеу орталығының басшысы Вадим Дробиз болса, кәсіпкердің әйелі сұрап отырған қаржы шарап магнаты үшін бес тиындай деп есептейді. Өйткені оның компаниядағы үлес саны Шахназарова талап етіп отырған соммадан бес есе көп болса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1730063-oligarh-kjeuinen-azyraspak-bolgan-jel-odan-50-mln-dollar-talap-etti/

pixel