Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енесімен жауласқан күйеу бала оның көлігін өртеп жіберді

Опубликовано:

Ресейдің Саратов облысы Ершов ауданында енесінің көлігін өртеген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы vzsar.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік. Көрнекі фото: vzsar.ru
Көлік. Көрнекі фото: vzsar.ru: UGC

30 сәуір күні кешкі уақытта "Форд Фокус" көлігінің өртелгенін айтқан 65 жастағы кейуана полицияға шағым түсіреді.

Ол 40 жастағы күйеу баласымен сөзге келіп қалғанын айтқан. Сөзден жеңіліп қалған азамат енесінің гаражындағы көлікті сыртқа шығарып, бензинмен өртеп жіберіпті.

Новоузенская көшесінің бойында өртелген көлікті сөндіргенімен, 400 мың рубльге тең шығын келген.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1730064-enesimen-zaulaskan-kjeu-bala-ony-kligin-rtep-ziberdi/

pixel