RU

Ким Чен Ын әйелін суретке түсіргісі келген фотографты итеріп жіберді (видео)

Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ын әйелін суретке түсірмек болған фотографты итеріп жіберді. Оқиға Кореяның оңтүстігі мен солтүстігі келісімшартқа отырған салтанатты сәтте болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Ким Чен Ын. Фото: Портал о Северной Корее
Ким Чен Ын. Фото: Портал о Северной Корее: UGC

Бұл жайында шетелдік басылымдар жарыса жазды.

Ким Чен Ын ел президенттерінің әйелдері келе жатқанда жолды кес-кестеген фотографты итеріп жіберген.

Айта кетейік, ол Кореяның 65 жылдық тарихында алғаш рет оңтүстікке қадам басқан басшы болып саналады.

Сондай-ақ "Бейбітшілік үйінде" өткен бұл қабылдауға ол алғаш рет әйелі Ли Соль Чуді алып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1730075-kim-cen-yn-jelin-suretke-tsirgisi-kelgen-fotografty-iterip-ziberdi-video.html