RU
Шымкенттік емші түсінде көрген Шыңғысханның тағын Назарбаевқа тапсырмақшы (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік емші түсінде көрген Шыңғысханның тағын Назарбаевқа тапсырмақшы (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлемнің жартысын жаулап алған Шыңғысханның тағы Оңтүстіктен табылды. Тарихи маңызы зор құнды дүниені Сарыағаштық тұрғын Жақсымбет Жандаров өз үйінде сақтап қойған. Сәтті келіп жатса, ел ағасы қолбасшының тағын елбасының өзіне табыстамақ деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шыңғысханның тағы

Шыңғысханның тағы

Жақсымбек Жандаровтың айтуынша, қағанның тағын жасауға түсінде көрген аян себеп болыпты. Түсінде көрген белігісі бойынша, ер кісі тарих бетінде алтын әріппен жазылған Шыңғысханның тағын жасауға тапсырыс береді. Сөйтіп ханның тағын шебер Жақсымбектің айтуынша, бес айда жасап шығарған.

"Бұл ең алғаш Шыңғысхан отырған Абылайхан тағы. Тіпті мұны дәлелдеп айта аламыз, Шыңғысхан отырған Абылайханның тағы деп. Маған түсімде аян келді осыны елбасыға жеткіз деп. Елбасы алады деді, алмаса, халықтың тағы болып үйде қалады деді. Мен сол аманатты сіздерге жеткізіп жатырмыз, Алланың арқасында", - дейді Жақсымбек Жандаров.

Хан тағының пішіні мүлдем өзгеше. Ерекшелігі сол - оған бұғының мүйізі, түйенің терісі, Қазығұрттың тасы жапсырылған. Одан қала берді Шыңғысханның бейнесі де бар..

Айта кетейік, Жақсымбет Жандаров ауылдағы қарапайым емші. Тақтың емшінің үйінде тұрғанына төрт жыл болған. Ер кісі таққа бөтен ешкімді жолатпайды екен. Алдағы уақытта сәті келіп жатса, Жақсымбет Жандаров Шыңғысханның тағын президенттің өзіне табыстамақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
79
14
7
4
4
32
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір