RU
Қырғыз президенті: Отбасылық-кландық биліктің орнауына жол бермеймін
Жаңалықтар Әлемде

Қырғыз президенті: Отбасылық-кландық биліктің орнауына жол бермеймін

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отбасылық және кландық билікке өз елінде жол бермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы president.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз президенті. Фото: president.kg

Қырғыз президенті. Фото: president.kg

"Отбасылық билікке қарсы күрестің бастауында тұрған адам ретінде билікте кландық жүйенің қалыптасуына жол бермеймін", - деді президент Сооронбай Жээнбеков Ыстық-Көл облысы Тон ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.

Қырғыз президенті 2010 жылғы қайғылы жағдайды есіне алды.

"2010 жылы отандастарымның отбасылық-кландық жүйеге қарсы шығып, қаза болғаны мен үшін ауыр тиетін қайғылы жағдай болды. Сол себепті осы мәселенің төңірегінде саяси спекуляцияға жол бермеймін. Халық таңдаған президент ретінде елде отбасылық-кландық билікті болдырмаймын", - деп мәлімдеді Жээнбеков.

Сооронбай президенттік қызметіне туған-туыстарынан ешкімді араластырмайтынына уәде етті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір