RU
16 жастағы оқушысына тұрмысқа шықпақ болған мұғалім ұсталып қалды
Жаңалықтар Әлемде

16 жастағы оқушысына тұрмысқа шықпақ болған мұғалім ұсталып қалды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Оклохома штатындағы мектеп мұғалімі Касандра Рене Уайт өз оқушысына тұрмысқа шықпақ болды. 34 жастағы әйел мен 16 жастағы жасөспіріммен қарым-қатынасын заңдастырмақ болып, неке қию бөліміне жүгінген. Ғашықтардың әрекетіне кедергі болған полицейлер оқиға орнында мұғалімді тұтқындады деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Оклохама штатындағы мектеп мұғалімі өзінің 16 жастағы оқушысымен некеге тұруға бел буған. Жергілікті заңдылықтарға сәйкес, бұл қарым-қатынастардың ресми түрде некеге ұласуы тек қана баланың ата-анасының рұқсатымен ғана іске асырылуы мүмкін.

16 жастағы ұлының өз мұғаліміне үйленуіне оның әкесі қарсылық танытпай, қажетті құжатқа қолын қойып берген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Оклохома заңдарына бойынша мұғалім тек өз мектебіндегі оқушымен сексуалдық қатынаста болған жағдайда ғана айыпталады. Касандра Рене Уайт болса бұл айыпқа турасынан лайықты болған.

Мұғалім мен оқушы арасындағы жыныстық қарым-қатынас пен неке қию оқиғасынан хабардар болған мектеп басшылығы 34 жастағы әйелді бірден жұмыстан шығарып жіберді.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Оған қоса, Касандра бұған дейін 12 жыл бойы тұрмыста болғаны анықталды. Мұғалімнің тіпті бірінші күйеуінен үш баласы бар екен.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Екінші рет тұрмысқа шықпақ болған мұғалім неке қию мекемесінің алдында ұсталынып, тұтқынға алынды. Оған кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық әрекеттері үшін бір емес төрт бап бойынша айып тағылып отыр.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
4
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel