RU
ШҚО-да жүкті әйел түсік тастауға ақша бермей қойған күйеуін өлтіріп тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да жүкті әйел түсік тастауға ақша бермей қойған күйеуін өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Өскемен маңыдағы Ушаново ауылында жүкті келіншек түсік тастауға ақша бермей қойған азаматтық некедегі күйеуін өлтіріп тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Пышақ. Көрнекі фото: Федеральное агентство новостей

Пышақ. Көрнекі фото: Федеральное агентство новостей

Екі кікшентай баласы бар келіншек үшінші рет жүкті болуын қаламаған. Ол күйеуінен түсік тастауға ақша сұрайды. Алайда ішімдікке сылқия тойған азамат "жүкті болып қалғаныңа өзің кінәлісің" деген сөздермен көк тиын бермейтінін мәлімдейді.

Содан кейін екеуінің арасында төбелес болып, ер адам бірнеше рет әйелін басынан ұрып жібереді. Жүкті келіншек ашуға булығып, ас үй пышағымен ер азаматтың кеудесіне соққылар жасайды.

Ер адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Сот жүкті әйелді кінәлі деп тауып, оны бес жылға бас бостандығынан айырды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір